3.09.2022, 12:06
Оқылды: 44

Ұлттық қордан балаға аударылатын ақша ауылда үй алуға жетеді – Әлібек Қуантыров

Ұлттық қордан бала шотына аударылатын ақша 18-ге толған азаматтың үй алуына жете ме? БАҚ өкілдері Үкімет кулуарында ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровқа осындай сұрақ қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

220903121917597e

Министрдің айтуынша, ол ақшаға ауылда үй сатып алуға, қалада ипотеканың алғашқы жарнасын төлеуге мүмкіндік болуы мүмкін.

«Жалпы, былай айтқанда үй алу бағалары республика бойынша әртүрлі ғой. Ол өңірлерге байланысты. Ауылда басқа баға, қалада басқа баға. Бірақ та мысалы кейбір ауылдарда үй алуға жетеді. Мысалы, ауылда үй 1,5-2 млн теңге тұрса мүмкіндік бар. Бірақ, ипотека алуға алғашқы жарнаға жететін шығар деп ойлаймын»,- деді Әлібек Қуантыров.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале