5.09.2022, 11:00
Оқылды: 87

"Президент Жолдауы ерекше әсер етті"

Маған Президенттің «Біз ашық бәсекелестік орныққан және бәріне тең мүмкіндік берілетін Әділетті Қазақстан құрып жатырмыз» дегені ерекше әсер етті. Шынында, еліміздегі азаматтардың құқығы тең әрі бірегей екенін паш ете түсудеміз. Қазақстанда саяси жаңғыру үдерісі қарқын алмақ.

5

Түптеп келгенде, «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидаты жаңа бетбұрыс жасауға серпін береді. Мемлекет басшысы халық пен мемлекет мүддесі және ұлт тағдыры үшін бірлікке, ұйымшылдыққа шақырды. Әлбетте, еліміздің іскер азаматтары ортақ мүдде аясында жұмыла еңбек етері анық. Бәріміз үшін қасиетті мүдде біреу, ол – Қазақстан Республикасының өркендеп, қанат жаюы, мемлекет ретінде нығаюы. Осы жолда «Жаным – арымның садағасы» деп, қайрат-жігерді шыңдап, Отанымның гүлденуіне өз үлесімді қосуға әр кез даярмын.

Арман Биғалиев,

«Ағайын» қазақ қоғамдық мәдени бірлестігінің төрағасы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале