Тілдер күніне орай Шыңғырлау аудандық орталық кітапханасында «Тіл – достықтың алтын көпірі» атты көрме-диалог ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты - оқырмандардың ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту, қазақ тілінің мәртебесін көтеру. Көрмеге Ш.Сарыбаевтың «Тіл-ғұмыр», Т.Сайрамбаевтың «Қазақ тіл білімінің мәселелері», Қ.Қадашеваның «Қазақ тілін оқыту әдістемесі», А.Османның «Тіл тәуелсіздігі - ел болашағы», Б.Тоханның «Қазақ тіліндегі көне және сирек қолданыстағы сөздер сөздігі» т.б. әдебиеттер қойылып, халқымыздың қазынасы, сан ғасырлар бойы жүріп өткен жолымыздың шежіресі – тіліміз туралы оқырмандармен әңгіме-диалог жүргізілді.
Н.Айқын,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz