Антарктидадағы Флорида өлшемдес мұздықтың еруі әлемде хаос тудыруы мүмкін, өйткені ғалымдар бұл әлем мұхиты деңгейін 3 метрге дейін көтереді деп болжап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі CBS News-ке сілтеме жасап.
Туэйтс мұздығы – әлемдегі ең үлкен мұздық, оның ені – 128,7 шақырым. Ғаламшар жылыған сайын оның мұзы еріп жатыр. Ғалымдар бірнеше жылда тез ери бастаған мұздыққа «Ақырзаман мұздығы» деген атау берген.
Мұздықтың еруінен мұхит табанында қозғалуы кезінде түзілген 160 параллель жотасын зерттей келе ғалымдар оның жылына 2,1 шақырым жылдамдықпен жылжитынын анықтаған. Бұл – 1996-2009 жылдарғы жылдамдығынан екі, 2011-2017 жылдардағыдан үш есе жылдам. Зерттеу нәтижесі Nature Geoscience журналында жарияланды.
Туэйтс мұздығы алып мұз кесегінің астынан өтетін жылы судан еріп жатыр. Ғалымдар оның соңғы тірегі 5 жыл ішінде толықтай қирауы мүмкін екенін ескертеді. Мұздықтың жерге тиетін аймағына жылы судың өтіп жатқаны алғаш рет 2020 жылы белгілі болған.
Фото: www.wbrc.com