Қостанай облысында кенеттен болған төтенше жағдай ешкімді бейжай қалдырмады. Бүгін «Желаев НӨК» АҚ, «Кублей» ЖШС және «Нұржанар» АҚ сияқты өңіріміздің ірі кәсіпорындары базасында өрттен зардап шеккендер үшін бірінші қажеттіліктегі өнімдер тиелді.
Қостанай облысының тұрғындарына Батыс Қазақстан облысынан көмек қолын созуға «Желаевск НӨК» АҚ, «Кублей» ЖШС, «Сабирова» ЖК, «Талецкий» ЖК, «Исаев Х.Х.» ЖК, «Шанс» ЖШС, «Нұржанар» АҚ, «Белес Агро» ЖШС секілді ірі өндіруші және жеткізуші-кәсіпорындар атсалысты.
- Батыс Қазақстан облысының әкімдігі Қостанай облысындағы төтенше жағдайдан зардап шеккен тұрғындарға азық-түлік өнімдерін жинауды жүргізуде. Қазіргі уақытта «Желаевск НӨК» АҚ, «Кублей» ЖШС, Белес Агро» ЖШС сияқты кәсіпкерлер, сонымен қатар «Шанс» ЖШС, «Сабирова» ЖК «Талецкий» ЖК сияқты ірі көтерме жеткізушілері бірінші қажеттіліктегі өнімдер түрінде көмек көрсетіп отыр, - дейді БҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы бастығының орынбасары м.а. Бауыржан Сатқалиев.
Жалпы көлемі 15 тоннадан астам жүк Қостанай өңіріне аттануға дайындалуда. Бұл – астық, макарон өнімдері, консервілер, жарма өнімдері, кондитерлік өнімдер, күнбағыс майы және су.
Естеріңізге сала кетсек, Қостанай облысындағы өрт 3 қыркүйекте басталған еді, бүгін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі 2022 жылғы 7 қыркүйекте сағат 15.00-де Қостанай облысының Әулиекөл ауданындағы табиғи өрт ауыздықталды. Жалындап жанып жатқан учаскелер жоқ, қалдық от ошақтарын сөндіру жұмыстары жүргізілуде. Аманқарағай, Лесное, Озерное және Бағаналы ауылдарының аумақтарында қарауылдау жұмыстары ұйымдастырылды, - деп хабарлады.
Альфия Шамаева,
zhaikpress.kz