7.09.2022, 21:49
Оқылды: 72

Ұлттық ұланда үздіктер анықталды

Орал қаласында Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығының «Үздік жүргізушісі» мен «Үздік БТР экипажын» анықтайтын байқау-конкурстың екінші кезеңі өтті.

DSC_9024

Байқау талабы бойынша қатысушылар ауыр техникамен түрлі кедергілермен өтіп, әскери қызметшілер дәлдік танытуы тиіс болды. Мүмкіндігінше көп ұпай жинау үшін нысаналарды түгел жою керек болғанмен, зеңбірекшілер үшін бұл тапсырма оңайға соқпады.

Байқау қорытындысы бойынша жеке біріншілікте жүргізушілер арасында сынға түскен 6655 әскери бөлімінің аға маманы, ефрейтор Әлібек Жанқұлов үздік жүргізуші атанды.

БТР экипаждары арасындағы командалық біріншілікте «Үздік БТР экипажы» атағын Ақтау қаласының 6656 әскери бөлімінің командасы жеңіп алды. Екінші орынды Ақтөбе қаласының 6655 әскери бөлімінің БТР экипажы иеленсе, үшінші орын Атырау қаласының 5546 әскери бөліміне бұйырды.

DSC_0620

Әскери бөлімдердің БТР жүргізушілері мен экипаждары арасындағы командалық біріншілікте «Үздік команда» номинациясы 6656 әскери бөлімінің командасына берілді.

Байқаудың барлық кезеңдерін қорытындылайтын болсақ, АК-74 автоматынан ату бойынша – 6655 әскери бөлімі жедел мақсаттағы батальонының аға маманы ефрейтор Әлібек Жанқұлов, БТР пулеметінен ату бойынша – 6656 әскери бөлімінің нысанашысы Нұрберген Тілекқабыл жеңімпаз атанды.

ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале