8.09.2022, 12:00
Оқылды: 42

Еліміз метрология жөніндегі еуропалық ұйымға қабылданды

СИМ ТРМК ҚазСтандартты үкімет елдің Бас ғылыми-метрологиялық орталығы және стандарттау жөніндегі ұлттық органы ретінде анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
WhatsApp Image 2022-09-08 at 10.24.45

ҚазСтандарттың жетекші мамандарының делегациясы Еуропада ғана емес, әлемдегі ең беделді метрологиялық орталықтардың бірі – Германия физика - техникалық институтына (PTB) жұмыс сапарымен барды.

ҚазСтандарт тарихта алғаш рет EURAMET Еуропалық ұлттық метрологиялық институттарының қауымдастығының серіктес ұйымы ретінде қабылданды.

Сондай-ақ, біздің метрологтардың ынтымақтастық және Инновациялар мен зерттеулердің метрологиялық бағдарламасына (EMPIR) қатысу мәселелері талқыланды.

Қол жеткізілген мақсаттар ҚазСтандарттың еуропа елдерімен тиісті салыстырмалы салғастырулар жүргізу арқылы ҚР-ның өлшеу мүмкіндіктерін әлемде халықаралық тану жөніндегі қызметін қамтамасыз етуге, стандарттар мен регламенттерді қолданумен байланысты мәселелерді реттеуге және басқаруға мүмкіндік береді.

Өз кезегінде, сапаның дамыған инфрақұрылымы ҚР СИМ-ге жүктелген міндеттерді орындауға, сондай-ақ бәсекеге қабілетті өнім шығаруға, қоршаған ортаны қорғауға, денсаулық сақтау мен қауіпсіздікке, қорғаныс қабілетіне, табиғи ресурстарды есепке алуға және экономиканың басқа да салаларына тікелей ықпал етеді.

baq.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале