8.09.2022, 12:30
Оқылды: 43

Қызғаныштан қызының сыныптасын улаған әйел ұсталды

Үндістанның оңтүстігінде әйел қызының 13 жастағы сыныптасын жақсы оқығаны үшін улаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Тimes of India басылмына сілтеме жасап.

1

Басылым мәліметінше, 13 жастағы Маникандан сыныптастарының арасында жақсы үлгерімімен ерекшеленген. Сыныптастарының бірінің анасы оның жетістіктерін қызғанып, жасөспірімді өлтіргісі келген.

2 қыркүйекте мектепте бала сөз сөйлеген дәстүрлі іс-шара өткен кезде әйел мектепке келіп, өзін күзетшіге Маниканданның анасы ретінде таныстырып, "ұлына" сусын құйылған бөтелке беруді өтінген.

Оқушы ештеңеден күдіктенбей, бөтелкедегі сусынды ішкен, кейін ауырып қалған. Жасөспірім үйге келгенде, құсып, іші ауырған. Ата-анасы оны жеке клиникаға апарған, онда ол шұғыл ем алған, сөйтіп, денсаулығы жақсарған кезде үйіне қайтқан. Алайда ол келесі күні қайта ауырған. Бала ауруханаға жеткізілген, дәрігерлер оның өмірін сақтап қалуға тырысқан, бірақ сәтсіз болған. Кешке Маникандан қайтыс болған.

Тергеу барысында Маниканданның өз анасы ұлының бөтелке туралы айтқанын есіне түсіріп, сол күні ұлына ештеңе бермегенін жеткізген. Содан кейін полиция мектеп жұмысшыларымен сұхбаттасып, бөтелке берген оқушылардың бірінің 42 жастағы анасы екенін білген. Әйел істегенін мойындаған.

Сол күні әйел қамауға алынған, оған кісі өлтірді деген айып тағылды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале