8.09.2022, 18:11
Оқылды: 49

Көкөніс қоймаларының көлемі артады

БҚО әкімі Ғали Есқалиев агроөнеркәсіп саласындағы шаруашылық иелерімен кездесті. Кеңес отырысында БҚО ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Наурызбай Қарағойшин егін оруы науқанының барысы туралы баяндады.

IMG-20220908-WA0072

Оның айтуынша, Биыл дәнді дақылдар 203,2 мың га алқапқа егіліп, жоспар 95,1%-ға орындалса (213,7 мың га), майлы дақылдар 185,7 мың гектарға егіліп жоспар 147,3% орындалды (126,0 мың га). Яғни тиімділігі жоғары майлы дақылдардың алқабы артып отыр.

Облыс бойынша 202 мың га дәнді дақылдар алқабының 182 мың гектары орылып, 16,2 ц/га орташа өнімділікпен 295,5 мың тонна астық алынды. Жедел ақпаратқа сәйкес майлы дақылдар алқабының 11 мың гектары орылып, 8,3 ц/га орташа өнімділікпен 9,4 мың тонна өнім алынды. Өңірде жалпы сыйымдылығы 504,8 мың тоннаны құрайтын лицензияланған 7 астық қабылдау кәсіпорыны бар (қоймалық - 191,4 мың тонна, элеваторлық - 313,4 мың тонна). Бүгінгі таңда бұл кәсіпорындарда 215,6 мың тонна астық сақталған. Оның ішінде 45,3 мың тоннасы – арпа, 170,3 мың тоннасы – бидай. Бидайдың 76,6 мың тоннасы 3-сыныпты бидай болса, 93,7 мың тоннасы – 5-сыныпты бидай. Биыл картоп және көкөніс-бақша дақылдары 9 430 гектар жерге отырғызылып, жоспар толығымен орындалды (9 400 га).

IMG-20220908-WA0075

Қазіргі кезде 738 га (18%) алқаптан 9,9 мың тонна картоп өнімі, одан бөлек 32,2 мың тонна көкөніс өнімдері (54%) және бақша дақылдарының 63%-ы жиналып, 20,7 мың тонна қауын-қарбыз өнімі алынды. Өңірде жиналған өнімдерді күзгі-қысқы мезгілдерде тұтыну үшін сапалы сақтауға арналған жалпы сыйымдылығы 51,8 мың тоннаны құрайтын 52 көкөніс қоймасы бар. Оның ішінде 35,9 мың тонна қоймалар желдеткішпен және 14,0 мың тонна қоймалар тоңазытқышпен жабдықталған. 2025 жылға дейін облыстың 9 кәсіпорны жалпы сыйымдылығы 29,1 мың тонналық 10 заманауи көкөніс қоймасын салу көзделіп отыр. Құрылыс қорытындысы бойынша 2025 жылға қарай көкөніс қоймаларының жалпы сыйымдылығы – 80,9 мың тоннаны құрап, қоймаға сақтау көрсеткіші 124,5% деңгейінде  болады деп күтілуде.

IMG-20220908-WA0074

Биыл жалпы сыйымдылығы 7 мың тонналық 2 көкөніс сақтау қоймаларының құрылысы аяқталды. Биыл ауа райының қолайлығы және тиісті агротехникалық шаралардың арқасында дәнді дақылдар бойынша әр гектардан 16 центнерден астық жиналуда. Сәйкесінше жалпы өнім де жоғары. Бұл – соңғы бес жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Ғылыми негізделген нормаға сәйкес облыстың егіс алқабына 57 мың тонна тыңайтқыш енгізу қажет. Алайда облыс шаруашылықтары жылма-жыл тек 3,5-4,5 мың тонна тыңайтқышты немесе 6-8%-ын ғана себуде. Оның басым бөлігін картоп, көкөніс-бақша егетін шаруашылықтар пайдаланады. Дәнді және майлы дақылдар өсіретін шаруашылықтардың ішінде тыңайтқыш пайдаланатындары мардымсыз. Атап көрсетсек, биыл «АгроСервис-Батыс» ЖШС, «Авангард» ЖШС, «Матевосян» ШҚ секілді жылма-жыл тыңайтқыш қолданатын шаруашылықтар дәнді дақылдардың әр гектарынан орташа 22 центнерден жоғары өнім жинаса, тыңайтқыш қолданбаған шаруашылықтар ауа райы қолайлы болғанның өзінде биыл тек 5-7 центнерден өнім алуда.

Жалпы өсімдік шаруашылығы бағытын субсидиялауға 2022 жылға бюджеттен 2 652 млн теңге бөлінді:

- тыңайтқыштарды құнын субсидиялауға – 153 млн теңге,

- пестицидтердiң құнын субсидиялауға – 143 млн теңге,

- тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау – 247 млн  теңге,

- су жеткізу бойынша қызмет құнын субсидиялау – 24 млн  теңге,

- майлы дақылдарды субсидиялауға – 238 млн  тенге,

- инвестициялық субсидиялауға – 1 846 млн тенге.

IMG-20220908-WA0079

– Облыстың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен халыққа бидай, күнбағыс, картоп және көкөніс өнімдерін нарықтағыдан төмен бағамен жеткізу мақсатында төрт жақты меморандум жасақталған болатын. Меморандумға 3 және 5-сыныптағы  бидай жеткізуге 43 шаруашылық және күнбағыс жеткізуге 28 ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші қол қойды. Схема бойынша азық-түліктік бидай ұн тарту кәсіпорындарына, жемдік бидай құс фабрикалары мен мал бордақылау алаңдарына, күнбағыс дақылы май шығару зауытына тапсырылады. Олардан өндірілген дайын өнім, яғни 1-сұрыпты ұн, макарон, құс жұмыртқасы, тауық және сиыр еті облыс ішінде тұрақтандыру қоры және ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері арқылы арзан бағамен сатылды. Орташа есеппен резервтік қорға 13,8 мың тонна бидай, 3,5 мың тонна күнбағыс тұқымы тапсырылмақ. Бүгінде «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» АҚ мемлекеттік қорға 3-сыныпты азық-түліктік бидайды сатып алу бағасын тоннасына 125 мың теңге деп белгіледі. Осыған орай, 3-сыныпты азық-түлік бидайының сатып алу бағасын тоннасына, ҚҚС қоса есептегенде, 106 мың теңге, ҚҚС-сыз 100 мың теңге шамасында белгіленді. Ал 5-сыныпты жемдік бидайдың құнын тоннасына ҚҚС қоса есептегенде 90 мың теңге, ҚҚС-сыз 85 мың теңге деп белгілеуді ұсынамын. Сондай-ақ картоп және көкөніс өнімдеріне бағаны тұрақтандыру мақсатында 31, көкөніс өсіруші шаруашылықтармен (картоп) меморандум жасалып, қол қойылды. Олардан өндірілген картоп, пияз, сәбіз, қырыққабат өнімдері облыс ішінде тұрақтандыру қоры және облыс пен аудандық ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері арқылы сатылды. Шаруашылықтар өздерінің картоп және көкөніс өнімдерінің 15% көлемін қоймаларында сақтап, қажет жағдайда сол уақыттағы нарықтағы бағадан 15% төмен бағамен ұсынуы тиіс. Орташа есеппен резервтік қорға 3500 тонна картоп, 300 тонна сәбіз, 500 тонна пияз және 350 тонна қырыққабат тапсырылады. Биыл егін ору және күзгі-далалық жұмыстарына 14,2 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді, дизель отынының бағасы литріне 195 теңгені құрайды. Дизель отыны аудандардағы жанар-жағар май құю станцияларынан жіберілуде, бұл өз кезегінде шаруалар үшін үлкен көмек болды деп есептеймін, – деді ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Наурызбай Қарағойшин. Жиында «Жаңа Әлем» ШҚ жетекшісі Анатолий Кан, Baystone» ЖШС құрылтайшысы Станислав Качало, «Асан Аул» ЖШС басшысы Бейбіт Асанов,  «Мусаева Д.Р.» ЖК басшысы Рамазан Мусаев өз-ұсыныс-пікірлерін айтты. Олардың сұрағына облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұлов жауап берді. Өңір жетекшісі Ғали Нәжімеденұлы ауыл шаруашылық саласын дамыту басты назарда болатынын айтып, шаруаларды қолдауға әзір екенін жеткізді.

– Облыс бойынша дәнді дақылдардың жиналатын алқабы 202 мың га құрайды. Оның ішінде күздік дәнді дақылдар толық жиналды (53,9 мың га), орташа 21,2 ц/га өнімділікпен 114 мың тонна астық алынды. Қазіргі уақытта жаздық дәнді дақылдардың алқабын ору аяқтала келді, бұл бағытта орташа өнімділік 14,1 ц/га көрсетуде. Бүгінгі таңда дәнді дақылдар бойынша барлығы 295,5 мың тонна астық жиналды. Бұл көрсеткіш 2021 жылдан 129,9 мың тоннаға артық. Қазіргі уақытта майлы дақылдардан сафлорды жинауға кірісіп кеттік, орташа өнімділік – 8,3 ц/га. Күнбағыс дақылы қыркүйектің аяғы және қазан айларында жиналады. Картоп (18%) және көкөніс-бақша дақылдары (54-62%) өнімдерін жинау жұмыстары жүріп жатыр. Аудан әкімдері егіс алқаптары мен олардан алынған өнім көлемі, дақылдардың өнімділігі туралы ақпаратты статистика департаментіне уақытылы және сапалы тапсырылуын қадағаласын. Агроөнеркәсіп кешені саласы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және өндірісті шикізатпен қамтитын негізгі сала болғандықтан резервтік қорға азық-түлік және жемдік бидайды тапсыруды ұйымдастырсын, – деді Ғали Есқалиев.

IMG-20220908-WA0077

Нұртай Текебай,
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале