Оралдағы Жастар мәдениет сарайында қала күніне орай «Туған күніңмен, Оралым!» тақырыбында қала әкімінің кубогі үшін «Жайдарман» ойыны өтті.
– Орал қаласының ішкі саясат бөлімінің тапсырысымен, қалалық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының қолдауымен қала күнінің аясында «Жайдарман» ойыны өтуде. Бұл жыл сайын дәстүрлі өткізіліп келе жатқан шара. Ал кеше жастар арасында танымалдылыққа ие қазақша «STАND-UP» жобасы өтті. Биылғы ойынның ерекшелігі өңірдегі командалар ғана қатысады. Бүгін барлығы 10 команданың өнерін тамашалаймыз. Олардың арасында жоғары лигада, республикалық лигаларда өнер көрсетіп жүрген командалар бар, - дейді Орал қалалық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы Дулат Жүсіпқалиев.
Жастардың шығармашылығын шыңдау мақсатында өтіп жатқан ойынның басты ұйымдастырушысы – Орал «Жайдарман» лигасы.
Жас жайдарманшыларға Орал қалалық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы Дулат Жүсіпқалиев, қалалық ішкі саясат бөлімінің маманы Айдана Кеңесова, «Қазақ күресі» ассоциациясы президенті Әсет Сұлтанұлы, қалалық мәслихат депутаты Айнаш Әлібекқызы, «Назар аудар» театрының актерлары Марс Жайлауов пен Самат Қабдиев, республикалық «Жайдарман» ойындарының редакторы Қасиет Кәрім қазылық етуде.
Динара Насыр,
Суреттерді түсірген: Гүлмира Сәрсенғали
zhaikpress.kz