9.09.2022, 14:45
Оқылды: 48

БҚО-да автокөлік 4 жылқыға соғылып, 5 адам ауруханаға жеткізілді

Батыс Қазақстан облысында «Volkswagen Sharan» автокөлігі 4 жылқыға соқтығысып, 5 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

19

БҚО ТЖД баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 9 қыркүйек күні сағат 6:50-де Ақжайық ауданы аумағында болды.

«Орал-Атырау жолының 85-шақырымында Самал ауылы тұсында «Volkswagen Sharan» автокөлігі жылқыларды қаққан. Салдарынан түрлі жарақат алған 5 адам құтқарылып, Ақжайық аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Олардың екеуі – үш айлық және бір айлық сәбилер. Сондай-ақ, 1979 жылғы жүргізуші, 1983 жылғы әйел мен 2001 жылғы қыз зардап шекті», - деп хабарлады ведомстводан.

Оқиға орнына барған трассалық-медициналық құтқару бекеті қызметкерлерінің сөзіне қарағанда, жылқының бәрі де өлген. Зардап шеккендердің жағдайы анықталу үстінде.

20

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да автокөліктің жүргізушісімен бірге жанып кеткенін жазған болатынбыз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале