12.09.2022, 15:15
Оқылды: 50

Елімізде 2500-ден астам сотталушы электронды білезік тағады

Қазақстанда 2500-ден астам сотталушыға электронды білезіктер қолданылады. Бұл жалпы сотталғандардың 9 пайызы. Мұны Ішкі істер министрлігінде өткен брифинг аясында Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті пробация қызметі бастығының орынбасары Берік Бакулин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

220912123046791e

«Қазіргі уақытта электронды білезіктер 2500-ден астам адамға қолданылады. Бұл жалпы сотталғандардың 9 пайызы. Ал бүгінгі күні пробация қызметінің есебінде 28 мыңнан астам адам тұр. Олардың ішінде 326 азамат кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық құқық бұзушылық жасау баптар бойынша сотталған.

Сонымен қатар, 7 ай ішінде электронды білезіктерді пайдалану нәтижесінде 90 заң бұзу фактісі анықталды. Осыған байланысты 30 материал жинақталып, олар сот органдарына жіберілді. Атап айтақанда, оларға қолданылған жаза енді бас бостандығынан айыру жазасымен алмастырылады. Осының нәтижесінде қазіргі уақыттың өзінде сотталған 6 адам жазасын темір торда өтеуде», - деді Берік Бакулин.

Электронды білезіктердің көмегімен күн сайын сотталушының жүріп-тұруы қадағаланады. Берік Бакулиннің дерегінше, егер сотталған адам сағат 22:00-ден кейін тұрғылықты жерінен шықса, онда полиция қызметкерлері сотталғанушыға қоңырау шалып, үйге оралуын талап етеді. Ол қолданылған мұндай шара сотталушылардың қайта қылмыс жасауының алдын алуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале