Ведомствода атап өткендей, мемлекеттік органдарға қаржы негізінен ғимараттардағы маңдайшаларды ауыстыру және дайын бұйымдарды ауыстыру үшін қажет болады. Сонымен қатар бұл мемлекеттік органдардағы көптеген процесті цифрландыруды ескере отырып, кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.
-Бұл шаралар мемлекеттік органдарды ұстауға арналған қаражат шегінде, қосымша ақша бөлусіз жүзеге асырылуы мүмкін. Басқаша айтқанда, қосымша қаражат қажет емес, - деді Қаржы министрлігі.
2 қыркүйекте Парламент Мәжілісіндегі "Жаңа Қазақстан" депутаттық тобының мүшелері елорданың бұрынғы атауы – Астананы қайтаруды ұсынды.
2019 жылғы 20 наурызда Парламент палаталарының бірлескен отырысында Астананың атауын Нұр-Сұлтан деп өзгерту туралы шешім қабылданды. Бұл бастаманы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлықтау кезінде көтерген еді.