14.09.2022, 9:06
Оқылды: 182

Жапония иені құнсызданып, соңғы 24 жылдағы ең төменгі деңгейге жетті

Жапония ел экономикасын ынталандыру үшін шетелдік туристер үшін шекара талаптарын төмендетуі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC сілтеме жасап.

220913142547486e

Жапония министрлер кабинеті бас хатшысының орынбасары Сейджи Кихара жергілікті теледидарға иеннің әлсіреуі «шетелдік туризмді тарту үшін ең тиімді» екенін айтты. Өткен аптада иен 1,7 пайызға құнсызданып, соңғы 24 жылда АҚШ долларына шаққандағы ең төменгі деңгейге жетті. Соңғы екі жыл ішінде Жапония коронавирустың таралуын бәсеңдету шаралары аясында шетелдік туристердің көпшілігіне кіруге тыйым салды.

Өткен жылы шетелдік қонақтарға Токиода 2020 жылы кейінге қалдырылған Олимпиада ойындарына қатысуға тыйым салынды. Алайда, осы айда елге кіруге рұқсат етілген шетелдік туристердің саны күніне 20 мыңнан 50 мыңға дейін өсті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале