14.09.2022, 9:16
Оқылды: 42

2022 жылдың соңына қарай инфляция 16-18% аралығында болады – Ұлттық банк

2022 жылдың соңына қарай инфляция 16-18% аралығында қалыптасады. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты департаменті директорының орынбасары Денис Чернявскийдің түсіндірмесінде айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

220913154715509e

Баяндамада болжамның алғышарттары, базалық және болжамның баламалы сценарийлер бойынша макроэкономикалық жағдайдың даму перспективалары, қазіргі макроэкономикалық жағдайлар берілген. Сонымен бірге құжатта ақша, валюта және қаржы нарықтарындағы жағдайға талдау жасалған.

Өткен болжамды раундтың қорытындысы бойынша, жарияланған инфляцияға қатысты алдыңғы бағалау көтерілу жағына қарай біршама қайта қаралды. 2022 жылдың соңына қарай инфляция 16-18% аралығында қалыптасады.

Қысқа мерзімді кезеңде инфляция 2023 жылғы ақпанда өзінің ең жоғары мәніне жетіп, екі таңбалы болып қалады. Бұл бірқатар азық-түлік өнімдерінің, сондай-ақ азық-түлікке жатпайтын тауарлардың, бірінші кезекте, жоғары импорттық құрамдас бөлігі бар азық-түлікке жатпайтын тауарлардың жалғасып отырған бағасының өсуін, сондай-ақ сақталып отырған жоғары базалық инфляцияны білдіретін болады.

Бұдан әрі 2023 жылдың қорытындысы бойынша, инфляция 7,5-9,5%-ға дейін біртіндеп баяулайды деген болжам бар. Төмендеу үрдісі күшейе береді, сөйтіп, 2024 жылдың соңына қарай инфляция 5,5-7,5% деңгейінде болады деп болжанып отыр.

Ұлттық банктің болжамдарына сәйкес, Қазақстандағы экономикалық белсенділік динамикасы 2022 жылы 2,5%-3,5% дәлізінде болады. 2023 жылы белгісіздіктің жалпы деңгейінің төмендеуі аясында Қазақстан экономикасының өсуі 4%-5% дейін жеделдейді. Ішкі сұраныс фискалдық ынталандырумен қолдау көрсетілетін экономикалық белсенділіктің жетекшісі болады. Сондай-ақ, елде мұнай өндіру көлемі ұлғайю мүмкіндігіне байланысты экспорт ЖІӨ өсімінің қосымша факторы болады.

Алдыңғы болжамды раундпен салыстырғанда, инфляцияның жеделдеу тәуекелдері біршама төмендеді, алайда, әлемде геосаяси шиеленіс сақталуы себебінен жоғары болып қалып отыр.

«Әлемдегі күрделі геосаяси жағдай Қазақстанның макроэкономикалық көрсеткіштері болжамдарының алғышарттарына жоғары белгісіздік енгізуді жалғастыруда. Бұл инфляцияның болжамдық мәндерінен ауытқу тәуекелдерін жоғары деңгейде сақтауға себепші болады»,-делінген хабарламада.

Айта кетейік, осыған дейін Қазақстанда жылдық инфляция 16% асып кеткені хабарланған болатын.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале