14.09.2022, 1:11
Оқылды: 51

Облыс әкімі Жәнібекке жұмыс сапарымен келді

Бүгін Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев Жәнібек ауданына жұмыс сапарымен келді. Ең алдымен облыс басшысы Жақсыбай ауылындағы су тасқыны кезінде зардап шеккен тұрғындарға салынып жатқан екі пәтерлі үш және бір пәтерлі бір тұрғын үйдің құрылыс барысымен танысты. Мердігері – «Жайық Сити» ЖШС-і. Құрылыстың жалпы құны – 183 млн 347 мың 301 теңгені құрайды. Қазан айында пайдаланымға беру жоспарлануда. Одан бөлек су тасқынан зардап шеккен 30 тұрғын үйдің иелеріне барлығы 45 млн теңге қаржы берілді.

IMG_9056

Бүгінгі таңда барлығы дерлік үйлеріне жөндеу жұмыстарын жасап алды. Сонымен қатар, Жақсыбай ауылдық округінің әкімі Алмат Қаратаев су тасқынынан кейінгі қалпына келтірілген жұмыстарды атап өтті. Мәселен, ауылдағы айналма жолдарды және Ақадыр елді мекеніндегі аспалы көпірді күрделі жөндеуге қаражат бөлінді. Қазіргі уақытта мердігері «Брат М» ЖШС көпірге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп, айналма жолдың алты жеріне су өткізгіш тұрбаларын қояды. Сол сияқты Жақсыбай сайы арқылы өтетін жаяу адам көпірін су тасқыны кезінде су шайып кетті. Көпірді қалпына келтіру жұмыстарына аудан әкімдігінен 2 млн теңге қаражат бөлініп, қажетті құрылыс материалдары алынды.

IMG_9029

Құрылыс басында облыс әкімі Ғали Нәжімеденұлы ауыл ақсақалдары және үй иелерімен тілдесті. Құрылысы жүріп жатқан үйдің иесі Элеонора Хамитованың қуанышында шек жоқ. Ал екі пәтерлі тұрғын үйдің иесі Наурыз Каргин жауын-шашын басталмас бұрын үйдің төбесі тезірек жабылса деген уәжін айтты.

Әрмен қарай облыс басшысы Жәнібек-Талов-Кіші өзен бағытындағы 2-27, 27-33, 33-48 шақырым және Қамысты ауылына кіреберіс жолдың күрделі жөндеу жұмыстарын көрді.

Гүлзара Мәди,
Жәнібек ауданы,
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале