14.09.2022, 11:32
Оқылды: 21

Рим Папасы: Қазақстан - бір-бірінен алшақ орналасқандардың басын қосатын маңызды мекен

Бүгін елордадағы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезінде Рим Папасы Франциск адами қарым-қатынасты басшылыққа ала отырып, маңызды кездесулер ұйымдастырып отырғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

220914111155a3978658d

«Біз ғасырлар бойы үлкен керуендер өткен жерде тұрмыз. Бұл жерлерде Жібек жолының арқасында көптеген хикаялар, идеялар, нанымдар тоғысқан», – деді Рим Папасы.

Осы орайда ол Қазақстанға арнап өз тілегін айтты.

«Қазақстан тағы да бір-бірінен алшақ орналасқандардың басын қосатын, татуластыратын мекенге айналсын. Қазақ жері адами қарым-қатынасты басшылыққа ала отырып, маңызды кездесулер үшін жаңа жолдар ашылады берсін. Бұл тұрғыда өзара сыйластық пен шынайылыққа екпін қойылған», - деді Понтифик.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале