15.09.2022, 17:16
Оқылды: 56

Бір алтын, үш күміс жүлдемен оралды

Жуырда батысқазақстандық каратэшілер әлем чемпионатынан жүлделі оралды.

306661156_799326338158520_2657699515057275778_n

9-11 қыркүйек күндері Чехияның Пардубице қаласында каратэ шотоканнан жарыс өткен болатын. Жарысқа 32 елден 3500-ге жуық спортшы қатысқан.  Орал қаласындағы жекпе-жек спорты түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері облыс қоржынын бір алтын, үш күміс жүлдемен толықтырды.

Тарқатып жазсақ, балалар арасында 44 келі салмақ дәрежесінде Нұрислам Қайырғали әлем чемпионы атанды.

каратэ жекпе-жек (1)

- Біз бұл чемпионатқа бір жыл дайындалдық. Оңай болған жоқ. Жаттықтырушымыз бізге жоғары талап қойды. Қуанышымызға орай жеңісті қолдан бермедім. Былтыр қараша айында Түркияның Ыстамбұл қаласында өткен әлем чемипонатында күміс жүлде иеленген едім. Биыл чемпион атану бұйырды, - дейді жас спортшы Нұрислам Қайырғали.

Ал 57 келі салмақ дәрежесінде Нұрали Иксат, 59 келіде Арина Якубина, 60 келіде Дархан Теміралиев екінші орынға ие болды.

каратэ жекпе-жек (2)

-Шәкірттерім мықты дайындықпен барды. Барлығы да қатаң іріктеуден өткен спортшылар. Олардың арасында республика, Азия чемпиондары бар. Біз мұнымен тоқтап қалмаймыз. Қыркүйек айының 19-28 күндері Түркияның Коджаэли қаласында ересектер арасында өтетін әлем чемпионатына дайындық үстіндеміз, - деді спортшылардың жаттықтырушысы Ринат Мерғалиев.

306632118_799326378158516_2814772939094142758_n

Динара Насыр,

Суретке түсірген: Гүлмира Сәрсенғали

zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале