15.09.2022, 21:56
Оқылды: 87

Шыңғырлауда облыстық ән байқауы өтті

Бүгін Шыңғырлау ауданында республика көлеміне танымал жерлесіміз, ақын-композитор​ Қайрат Темірғалидың шығармашылығын насихаттауға бағытталған «Өлеңдерім - ән болып қалықтаған» атты облыстық ән байқауы ұйымдастырылды.​
Облыстық байқауда Жаңақала, Тасқала, Сырым, Бөрлі аудандарынан келген қатысушылармен қатар шыңғырлаулық өнерпаздар бақ сынасты.

IMG-20220915-WA0118
​ ​ Байқауға төрелік еткен әділ қазылар ақын–композитор Қайрат Темірғали,​ облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры Мәулет Жұбатов және жерлес, қазіргі таңда Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның әншісі Дархан Кұлбабаев әділ бағаларын берді.
Сайыскерлер байқаудың арнайы талаптарына сәйкес сайыскерлер Қайрат Темірғалидің​ репертуарынан 2 ән, патриоттық тақырыпта және еркін тақырыпта бір-бір ән орындады. Байқауда Қайрат Темірғалидің «Бақ құсым», «Шәмші қайда», «Астана Ақорда», «Ақ жайығым», «Көк туым», «Сен бар жерде», «Сағыныш»,​ «Мен қазақпын»,​ ​ ​ «Жан аға» әндері шырқалды.

IMG-20220915-WA0114
Шара барысында аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова бүгінгі шараға арнайы келген қонақтар мен қатысушыларға шынайы алғысын білдіріп, ақын-композитор Қайрат Темірғалидің иығына шапан жапты.
Байқаудың нәтижесі бойынша бас жүлде алмаздық Н.Төреахметоваға бұйырса, І орын Ақсай қаласынан келген Э.Құдабаев пен Ә. Құтжанова иеленді. ІІ орынға шыңғырлаулық А.Хибашев, ал ІІІ орынға Сырым ауданының өнерпаздары А. Жұма, Н.Өмірзақов пен жаңақалалық А.Марат қол жеткізді. Сонымен қатар Қайрат Темірғалидің атындағы жүлде Ә.Жұбаниязовқа бұйырса, ал А.Сатпанов, А.Меңдіғали пен тасқалалық А.Меңдіғалиев дипломант атанды. Барлық жеңімпаздар қаржылай сыйлыққа ие болды.

Аман Ізмұхан,
Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале