16.09.2022, 14:45
Оқылды: 49

Үш жылда қазақстандықтардың зейнетақысы 27 пайыға өседі

Үш жылда қазақстандықтардың зейнетақысы 27 пайыға өседі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Ризвангүл Дараева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

5

Спикердің келтірген мәліметіне сәйкес, қазір елімізде 2 млн астам зейнеткер бар.

«Жолдау шараларының бірі 2023 жылдан бастап әйелдердің зейнеткерлік жасын 61 жас деңгейінде 5 жылға жоспарланған арттыруды тоқтата тұрумен байланысты болды. Бұл шешім коронавирус пандемиясының азаматтардың денсаулығы мен өмір сүру ұзақтығына кері әсерін тигізгенін ескере отырып қабылданды. Алдағы 5 жыл ішінде денсаулық сақтау жүйесін жақсарту жөнінде шаралар қабылданатын болады. Бұл ретте ауыл медицинасына, азаматтардың денсаулығын қалпына келтіруге және қолдауға бағытталған оңалту орталықтары желісін құруға және кеңейтуге ерекше назар аударылады», - деді Ризвангүл Дараева.

Оның айтуынша, 2023 жылдың 1 қаңтардан бастап 2027 жылға дейін ең төменгі базалық зейнетақы мөлшерін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-ынан 70%-ына дейін, ең жоғарғысын – тиісінше 100 %-дан 120 %-ға дейін кезең-кезеңімен жеткізу көзделген.

«Осы кезеңде базалық зейнетақы мөлшері орта есеппен 51%-ға дейін артатын болады. Бұл ретте, базалық зейнетақының орташа мөлшерінің жыл сайынғы өсуі шамамен 13%-ды құрап, барлық 2 млн зейнеткерді қамтиды.Ұсынылып отырған шаралар 2025 жылға қарай жиынтық зейнетақыны орта есеппен 27%-ға өсіруге (3 жыл ішінде – 109 мыңнан 138 мың теңгеге дейін) және жиынтық зейнетақыдағы мемлекеттік төлемдердің үлес салмағын арттыруға мүмкіндік береді. Осылайша, мемлекет қарт адамдар арасында кедейліктің өсуіне жол бермейді»,- деді ол.

Сондай-ақ Ризвангүл Дараева БЖЗҚ-ның жаңа инвестициялық стратегиясы әзірленетінін мәләм етті.

«Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және азаматтардың зейнетақы жинақтарының табыстылығын арттыру мақсатында зейнетақы активтерін тиімді басқаруды арттыру бойынша шаралар қабылданатын болады. Бұл ретте БЖЗҚ-ның жаңа инвестициялық стратегиясын әзірлеу және зейнетақы активтерін басқаруға инвестициялауда үлкен тәжірибесі бар кәсіби және ашық жеке компанияларды тарту жоспарда», - дейді спикер.

Бүгінде азаматтардың зейнетақы активтерінің бүгінгі көлемі 13 трлн теңгеден асты. Былтыр БЖЗҚ инвестициялық портфелінің табысы 11,13%-ды құрады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале