Елордада өткен дін көшбасшылары съезінің аясында «Қазақстанның халал индустриясы қауымдастығы» Малайзияның Исламдық даму департаментінің өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жиында халал өнімдер секторын дамыту, өндіріс пен қызметтерді ғана емес, сондай-ақ Қазақстанның халал өнімін әлемдік нарыққа экспорттауды қаржыландыру, сақтандыру және ілгерілету мәселелері сөз болды.
Қазіргі уақытта 3000-нан астам қазақстандық компания сертификатталған, деп жазады qazaqstan.tv.
Осы форматтағы кездесулер отандық қана емес, жаһандық Халал нарықтың одан әрі дамуына ықпал етеді, дейді мамандар.
"Әлемдегі «Джаким» системасында сертификатталған біздің Қазақстаннан басқа ел жоқ. Сондықтан бұл жағынан ТМД елдері бойынша лидерміз - деп атап өтті Қазақстандағы халал индустрия қауымдастығының төрағасы Марат Сәрсенбаев.