19.09.2022, 12:15
Оқылды: 21

Алаштанушы – Бөрлі ауданында

Бөрлі ауданына Алаштанушы Елдос Тоқтарбай келді. Ол ҚР Президенті жанындағы Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі республикалық комиссия жұмыс тобының мүшесі, Ахмет Байтұрсынұлы Білім академиясының Ғылыми кеңес мүшесі, Алматы облыстық «Janr» Жетісу Әдеби клубының мүшесі әрі басқарма мүшесі, «Алаш қозғалысының қысқаша тарихы», «Тауқұсы», «Сөз-сәуле», «Жарықсәуле» әдеби портреттік эсселерінің және «Алаш мектебі» тарихи-танымдық кітаптарының авторы.

елдос

Мәртебелі мейман "Алаш және бүгінгі мұғалім рөлі" тақырыбында қаламыздағы №3 ЖОББ мектебінде аудан мұғалімдерімен кездесті. Тарих, өлкетану, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдерімен өткен кездесуде Елдос Нұсіпұлы сөздің киесі, қазақ тілінің байлығы, мұғалім абыройы, мұғалімдердің қоғамдағы рөлі, бала тәрбиесі, ақпараттық сауаттылық жайында сөз қозғап, көпшілікке ой салды.

елдосс

Сәнім Меңдібай,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале