Осындай атаумен Отбасы күні аясында Бөрлі аудандық жастар ресурстық орталығындағы психологиялық кабинет меңгерушісі, психолог Ботакөз Байқадамова жас отбасылармен кездесу өткізді.
Жалпы іс-шараның негізгі мақсаты отбасылық құндылықтарды сақтау, жастарға үлгі көрсету, отбасы — адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі екенін түсіндіру сүйіспеншілігін арттыру, ажырасудың алдын алу.
Танысудан басталған кездесу барысында отбасының құндылықтары, әр отбасында ұстанатын салт-дәстүрлерітуралы әңгімеленді. Шараға жиналғандар арасында тәжірибелі отбасылармен бірге, үйленгендеріне 4 күн, 1 ай болған отбасылар да болды. Жастарға өмірлік мысалдар келтіріп, тәлімді тәрбие төңірегінде сөз қозғалды. Жастар да өмірлеріне қажетті кеңес алып, мұндай іс-шаралардың жастар арасында жиі өткізіліп тұрғанын қолдайтынын жеткізді. Әрине жаңадан құрылған некенің ғұмыры ұзақ, шаңырақтың шаттыққа толуы отбасылық құндылықтың кеңінен дәріптелуіне тікелей байланысты.
Себебі отбасы – барлығымыздың жүрегімізге ең жақын сөз. Ол – махаббат пен тыныштықтың, мейірім пен жарасымның, қуаныш пен мерекенің мекені.
Сәнім Меңдібай,
Бөрлі ауданы
zhaikpress.kz