20.09.2022, 12:49
Оқылды: 45

Жапонияда «Нанмадол» тайфуны салдарынан екі адам қаза тауып, 115 адам жарақат алды

«Нанмадол» тайфуны Жапония архипелагы арқылы Тынық мұхитына қарай жылжып, сейсенбі күні оңтүстік-батыста қатты жаңбыр жауып, көшкін тудырғаннан кейін төмен қысымды жүйеге дейін әлсіреді.

220920114309794e

Табиғи апаты салдарынан екі адам қаза тауып, біреуі із-түзсіз жоғалып кетті, 100-ден астам адам жарақат алды. Бұл туралы ҚазАқпарат Жапонияның Kyodo ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жапон теңізінің жағалауынан өткеннен кейін, тайфун сейсенбі күні таңертең елдің ең үлкен басты аралы Хонсюдің солтүстік-шығыс аймағынан жетті. Метеорологиялық агенттік нөсер жауынанн зардап шеккен аймақтарда енді күшті жел тұрып, су тасу қаупі бар екенін ескертті.

Күшті жел мен нөсер жаңбырға себепші болған маусымдағы 14-ші тайфун жексенбі күні Кюсю аралының оңтүстік-батыс аймағына жеткенде бұрын-соңды болмаған дауыл тұрды.

Миядзаки префектурасында көшкіннен кейін тау баурайындағы қирап қалған үй ішінен бір ер адамның денесі табылды, ал ауылшаруашылық алқаптарында су астында қалған көліктен тағы бір адамның денесі шығарылды.

2209201142410952g

Префектура билігі мен табиғи апат салдарын жою агенттігінің мәліметінше, Хиросимада бір адам із-түссіз жоғалып, кемінде 115 адам жарақат алған.

Kyushu Electric Power компаниясы таңғы 11-де 100 мыңнан астам үй жарықсыз қалғанын хабарлаған.

Миядзаки префектурасындағы таулы аймақта көшкін жүріп, көпір қирағаны расталды, ал Шига префектурасында маңызды мәдени құндылық деп танылған Хиконе сарайындағы ғимараттардың бір бөлігі зақымданды.

Сейсенбіде Жапонияның метеорология агенттігі елдің солтүстік-шығысында сағатына 108 шақырым жылдамдықпен жел соғады, ал батысында толқынның биіктігі 7 метрге жететінін болжайды.

Сәрсенбі күні Жапонияның орталық және шығысында, соның ішінде Токиода 80 миллиметрге дейін жаңбыр жауады деп күтілуде.

Осыған дейін Жапонияда тайфун салдарынан су тасып, 200 мыңға жуық үй жарықсыз қалғанын хабарлаған болатынбыз.

Фото: english.kyodonews.net

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале