21.09.2022, 9:00
Оқылды: 37

Орал тұрғыны өзінің досын ұрып өлтірді

Оралда екі ер адам жанжалдасып, соңы қайғылы аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

30801b0e51a4db8c2ecba410855ae0d6_XL

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 18 қыркүйек күні сағат 23.25-те болды.

«Гастелло көшесінде орналасқан үйлердің бірінде бір-бірімен жолдас-жора болып келетін екі ер адам ішімдік ішкен. Отырыс барысында жанжал туындап, 1985 жылғы ер адам қолына үшкір зат алып, өзінен бір жас үлкен азаматтың денесіне зақым келтірген. Соның салдарынан 1984 жылғы ер адам жедел жәрдем келгенге дейін оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі кезде ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігіне (кісі өлтіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр»,- деп хабарлады ведомстводан.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале