23.09.2022, 9:01
Оқылды: 66

Санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы мемлекеттік қызметтер

Санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласындағы мемлекеттік қызметте көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері:

e01c4411c510544aa46a95b0d6b460b6_L (1)

Фото дереккөзі: khabar.tv

1.«Эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті  және оның аумақтық бөлімшелері «электрондық үкімет» www.egov.kz, www.elicense.kz веб порталы арқылы көрсетеді.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі - 10 (он) жұмыс күні.

2. Қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғаныш аймақтары бойынша нормативтік құжаттама жобаларының, шикізат пен өнімнің жаңа түрлерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру тәртібі мемлекеттік көрсетілетін қызметі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті  және оның аумақтық бөлімшелері «электрондық үкімет» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы арқылы көрсетеді.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі - 10 (он) жұмыс күні.

3. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектілеріне есепке алу нөмірлерін беру мемлекеттік көрсетілетін қызметі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері  «электрондық үкімет» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы арқылы көрсетеді.

Тамақ өнімін өндіру объектісіне есепке алу нөмірі тамақ өнімін өндіру объектісі қызметінің барлық кезеңіне беріледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі - 5 (бес) жұмыс күні.

4. «Патогендіктің I-IV топтарындағы микроорганизмдермен және гельминттермен жұмыс істеуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері  «электрондық үкімет» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы арқылы көрсетеді.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі - 10 (он) жұмыс күні.

Л.Утешева,

БҚО санитариялық-эпидемиологиялық

департаментінің бөлім басшысы

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале