22.09.2022, 22:52
Оқылды: 16

120 оқушы алғашқы алауды жақты

Сырым ауданының Бұлан ауылы маңындағы тоғайда​ ​ “Жас туристер станциясы” мекемесінің жаңа оқу жылына арналған “Алғашқы алау” шарасы өтті.

Балаларды экологиялық мәдениетті сақтануға баулып, өзара достықты нығайтуды мақсат еткен шараға аталмыш мекемедегі үйірмелерден 120-ға жуық оқушы қатысты.

Ашылу салтанатына аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Берік Жанболсынов қатысып, “Балалар жылы” аясында өткелі отырған шараларға сәттілік тіледі.

Үйірме тәрбиеленушілері топқа бөлініп ұран мен далалық газеттерін таныстырып, далада дамылдауға арналған орындарда (бивуак) түскі ас ішті.

image-22-09-22-10-01-2

Түстен кейін арнайы бағдарламаға сай аспалы өткелден өтуге арналған әмбебап сақтандыру құралдарын дұрыс киюді үйренсе, спорттық бағдарлау сайысында картамен жұмыс жасауға да машықтанды.

image-22-09-22-10-01-1

Ал “Алғашқы алауды” үйірмелердің ең жас шәкірттері жақса, алау жанында барлық үйірмелер белсенді қатысқандары үшін марапатталды.

image-22-09-22-10-01

Айжан Бауыржанқызы

Сырым ауданы
zhaikpress.kz
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале