23.09.2022, 14:59
Оқылды: 54

Әлемдегі екінші үлкен ел туристерге шекарасын ашуды жоспарлап отыр

Канада билігі қыркүйектің соңында елге келетін шетелдік туристерге қоятын міндетті вакцинациялау туралы талабын алып тастауды жоспарлап отыр. Бұл туралы Globe and Mail жазады.

photo_104563

Басылымның мәліметінше, үкімет 30 қыркүйектен бастап қолданыстағы коронавирус шектеулерін жеңілдетіп, барлық турист үшін шекарасын ашпақ. Міндетті вакциналау туралы талапты алып тастаумен қатар, жолаушылар әлемдегі екінші үлкен елге кіргенде әуежайда COVID-19 сынамаларынан босатылуы мүмкін.

 Канаданың коронавирус саясатындағы өзгерістер министрлер кабинетінің соңғы мақұлдауынан әлі өтпеген. Дегенмен, үкімет авиация және туризм салаларын белсенді түрде жеңілдіктерге итермелеп, қолданыстағы шектеулер туристерді қорқытады және басқа елдердің өзекті риторикасына сәйкес келмейді деп атап өтті.

Tengrinews.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале