Мамандандырылған ХҚО-ның жұмыс жүктемесінің жоғары болуына байланысты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жұмыс кестесін өзгерту туралы шешім қабылдады. Енді Орал қаласының мамандандырылған ХҚО-сы сенбі күндері де жұмыс істейтін болады.
Фото дереккөзі: gov.kz
Кезекті «Мобильді ХҚО» қосымшасы, eGov mobile, EgovKzBot2.0 Телеграм-боты, eGov және 1414 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алдын-ала брондауға болады.
Еске сала кетейік, МХҚО-лар мемлекеттік қызметтер бойынша өтініштерді сенбі күндері 9.00-ден 13.00-ге дейін қабылдайды, дайын құжаттарды беру 09.00-15.00 аралығында жүзеге асырылады. Дүйсенбі-жұма күндері аралығындағы жұмыс кестесінде өзгеріс жоқ: 09.00-ден 18.00-ге дейін, өтініштерді қабылдау 17.00-ге дейін.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі