26.09.2022, 11:46
Оқылды: 75

Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті

Жәнібек ауданы орталығындағы «Әлем» базарында ауыл шаруашылығы өнімдерінің алғашқы жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге Жәнібек, Ақоба, Тау ауылдық округтері ет-сүт өнімдерін, балық, бау-бақша дақылдарын алып келді.

308951849_559314476198231_1923447913546546348_n

Жәрмеңкеде Ақоба ауылы бір сиыр етін , бір жылқы етін, бір қой еті мен сүт өнімдерін ұсынса, Жәнібек ауылы бір сиыр еті, сүт өнімдері, бау-бақша өнімдері мен балық сатты. Тау ауылы бір қой еті мен сүт өнімдерін саудалады.

308809986_559313889531623_8013493562330095609_n

Сиыр етінің бағасы 1900 теңгеден болса, қой етін 1800 теңгеден сатты. Сонымен қатар балықтың 1 келісі 1300 теңге болды. Сары майды 5000-5500 теңгеден сатса, қаймақтың 0,5 литрі 2700 теңгеден сатылды.

308668467_559314126198266_1465159588281635378_n

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі алдағы уақытта тағы да ұйымдастырылатын болады.

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале