Сырым ауданы орталығы - Жымпитыда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының тестілерінен Батыс Қазақстан облысы чемпионатының аудандық іріктеу кезеңі өтті.
Тұрғындар арасында бұқаралық спортты дамытуды, салауатты өмір салтын насихаттауды мақсат еткен көпсайыста 11 жас ерекшелігі бойынша жасөспірімдер, ерлер мен әйелдер қатысты.
Спринтерлік жүгіру, төзімділікке жүгіру, бір орыннан ұзындыққа секіру, доп, граната лақтыру, күш гимнастикасы бойынша сынға түскендер ішінен жалпыкомандалық есепте Ж.Досмұхамедов атындағы мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінің құрамасы ІІІ орынға табан тіресе, жымпитылықтар ІІ орынды қанағат етті.
Көп ішінен суырылып шығып Сарой командасы І орынға лайық деп танылды.
Ал, “Жеңіске деген жігерлілігі” үшін Қособа командасы алғысхатпен марапатталды.
Жеңімпаз командаларға Сырым аудандық “Қайсар” спорт клубы директорының атынан алғысхат пен қаржылай сыйлықтар табысталды.
Жекелеген қатысушылар арасында жүлдегер атанғандар облыстық көпсайыста бақ сынайтын болады.
Айжан Амангелдина,
Сырым ауданы