28.09.2022, 10:00
Оқылды: 68

Қазақстандықтар табысының ең көп үлесін ет пен нанға жұмсайды – статистика

Қазақстандықтар табысының ең көп үлесін ет және ет өнімдеріне, нан мен жарма өнімдеріне жұмсайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

7

Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, 2022 жылғы II тоқсанда былтырғы осындай кезеңмен салыстырғанда азық-түлік өнімдерінің барлық негізгі топтары бойынша тұтыну көрсеткіштері төмендеген.

Қазақстандықтардың азық-түлік өнімдерін сатып алуға кеткен қаражатының көп үлесі өткен жылғыдай ет және ет өнімдеріне (17%), нан мен жарма өнімдеріне (7,9%) тиесілі.

Ет және ет өнімдерін ең көп Ақмола облысында тұтынатын болса, ең аз тұтынатын өңір – Шымкент қаласы.

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале