28.09.2022, 18:13
Оқылды: 51

Бөрліде ардагер ұстаздар бас қосты

Бөрлі ауданында ардагер-ұстаздармен кездесу өтті. Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов қатысып, сана сәулеткерлерін алдағы мерекелерімен құттықтап, өлшеусіз еңбектеріне алғыс білдірді.

6

Мерекелік шараға 70, 75, 80, 90, 100 жасқа толған ардагер ұстаздар қатысты.

Олардың қатарында Күлжан Назарбаева, Лилия Вавилина, Жанна Калиева, Сағира Тлепова, Роза Жазықбаева, Раш Батвашева, Дариға Нұртазина, Людмила Немировская, Валентина Коломиец, Камидулла Тасболатов, Батыргали Мұқашев, Күлмайша Избасова, Виктор Сапрынский, Анна Карпий, Надежда Дмитриенко, Александра Грамарецкая, Тамара Кирпа, Мария Пащенколар бар.

100 жасқа келген Тамара Ивановна 1941 жылдан бастап ұстаздық еткен. Сұрапыл соғыс кезінде де білім беруде аянып қалмаған. Ол өз сөзінде ұстаздық жолының алғашқы жылдарына шолу жасап, естеліктер айтты. Сонымен қатар қарт ұстаздың жанында екі қызы болды. Олар да ана жолын жалғаған педагог мамандар.

7

Мерекелік басқосуда ардагер-ұстаздар осындай басқосуға мұрындық болған аудандық білім бөліміне ризашылықтарын білдірумен қатар, жүріп өткен жолдарынан естеліктер айтып, бір-бірімен жолығысқандарына риза болып, балаша қуанып отырғандарын жеткізді.

8

Саналы ғұмырын ұстаздыққа арнаған ардагер ұстаздарға гүл шоғы мен арнайы сый табысталып, кездесу мейрамханадағы мерекелік дастарханға ұласты.

Сәнім Меңдібай,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале