29.09.2022, 15:01
Оқылды: 100

“Театр – ұлт рухының тірегі” баспасөз конференциясы

Бүгін дала реформаторы, ұлт-азаттық көтерілістің көсемі, халық батыры Сырым Датұлының 280 жылдығы мен Алаш қайраткері, Алашорда үкіметінің батыс бөлімшесінің төрағасы Жаһанша Досмұхамедовтың 135 жылдығына арналған “ Театр – ұлт рухының тірегі” атты облыстық халықтық театрлар фестивалінің ашылу салтанаты өтті.

1

Салтанатты ашылу рәсіміне аудандық мәслихат хатшысы Шынар Дүйсенғалиева, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Ерлан Сәрсенов қатысып, қонақтарға “қош келдіңіз” айтты.

2

Аталмыш шарада сырымдық “Бұлан”, бөрлілік “Мұрагер”, “Казталов”, “Қаратөбе”, “Тасқала” халық театрлары мен оралдық “Алтын орда” балалар мен жасөспірімдер қоғамдық театры өнер көрсетпек.

3

Театрлар көзі қарақты көрерменге “Дариға жүрек”, “Жас”, “Қуыршақ”, “Жарық”, “Тозақ шеңбері”, “Мен ояндым” секілді бірқатар поэтикалық моно драмалар ұсынбақ.

Қонақтарға арнайы кофе-брейк ұсынылып, артынша еркін форматтағы баспасөз конференциясы өтті.

4

Айта кетейік, көрермен көңілінен шыға білген, образды тиісті деңгейде сомдай білген театрларға Сырым Датұлы мен Жаһанша Досмұхамедов атындағы арнайы жүлде табысталатын болады.

5

Ал, аталаған театр ұжымдары түстен кейін Сырым аудандық мәдениет үйінде өнер көрсететін болады.

Айжан Бауыржанқызы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале