29.09.2022, 16:15
Оқылды: 31

«AMANAT» партиясының конференциясы өтті

Бүгін «AMANAT» партиясы Жаңақала аудандық  филиалының кезектен тыс ХХX конференциясы өтті. Партия филиалының кезектен тыс конференциясына  52 делегат сайланды. Жиналысқа «AMANAT» партиясы Жаңақала аудандық филиалының төрағасы Дархан Закарин, Саяси кеңес Бюро мүшелері, шақырылған делегаттар мен бастауыш партия ұйымдарының төрағалары қатысты.

18

Күн тәртібіндегі басты мәселе – партияның саяси тұғырнамасының басты бағыттары және «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының  кезектен тыс ХХІV конференциясына делегаттар сайлау.

19

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Талғат Жанболатов хабарлама оқып, «Болашақ» бастауыш партия ұйымының төрағасы Алихан Декартұлына тұғырнаманың бағыттары бойынша өз ойын ортаға салды.

20

Екінші мәселе бойынша  30 қыркүйек күні Батыс Қазақстан облыстық филиалының кезектен тыс ХХІV конференциясына орай аудандық партия ұйымынан делегаттар сайланды.

Нұргүл Дүйсенбаева,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале