1.10.2022, 15:32
Оқылды: 79

Казталов ауданы әкімі тыл ардагерлерінің шаңырағында болды

Казталов ауданы әкімі Рүстем Мүлкайұлы мен аудандық халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Радж Болақайұлы тыл ардагерлері Хабиболла Азаматов пен Ханшайым Жұлмышеваның шаңырағында болды.

A8DB2AB2-F74E-4B5D-9185-86A5025086B1

Халықаралық қариялар күні қарсаңында аудан әкімі тыл ардагерлерін құттықтап, жылы лебізін білдіріп, естелік сыйлықтар табыс етті. Ардагерлер де халқының қамын ойлап, сәлем бере келген әкімге ілтипаттарын білдіріп, ақ баталарын берді.

– Күнде жаңалықтардан әлемдегі жағдайды естіп жатырмыз. Лайым болашағымыз жарқын болсын, ұрпағымыз аман болғай деп үнемі дұғада жүреміз. Ел басындағы азаматтар аман болып, халқын болашаққа жетелегей. Халқымыздың бірлігі мығым болып, бағымыздан бейбітшілік заман кетпесін. Біздің көрген бейнетімізді, заманның қиыншылығын ұрпағымыз көрмесін, - деді тыл ардагерлері.

E67165D9-EB0D-4B32-8763-69881B14DAAF

Көпті көрген сөзі дуалы жандар халықтың мұң-мұқтажын да жеткізіп, атқарылып жатқан жұмыстарға ризашылықтарын білдірді.

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале