Батыр, қолбасшы Сырым Датұлының туғанына 280 жыл және көрнекті мемлекет, ұлт қайраткері, алаш зиялысы Жаһанша Досмұхамедұлының туғанына 135 жыл толуына орай өтетін тойға келген қонақтар «Сырым шыққан төбеге» тағзым етті.
Аудан әкімі Төлеген Төреғалиев қонақтарға «қош келдіңіз!» айтып, тек Сырым елі үшін емес, күллі алашқа ортақ той екенін тілге тиек етті.
Дүбірлі тойға келген қонақтар Сырым Датұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.
Тағзым артынша Тойтөбедегі аламан бәйге мен тазы жарысына ұласты.
Айжан Амангелдина,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz