2.10.2022, 12:39
Оқылды: 47

Қарттарым, аман-сау жүрші!

Халықаралық қарттар күні мен мейірбандылық айлығы аясында Теректі ауданы алғашқылардың бірі болып облыс орталығындағы Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі Орал медициналық-әлеуметтік мекемесінде болды.

FB_IMG_1664690285112

Аудан әкімінің орынбасары Дамир Гумаров, Теректі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысы Арайлым Тасенова, аудандық мәдени-демалыс орталығы директоры Арман Сағидоллин бастаған топты, теректілік өнерпаздар қостады.

FB_IMG_1664690294777

FB_IMG_1664690297308

FB_IMG_1664690307632

FB_IMG_1664690312290

Аталмыш мекемеде тату-тәтті түрлі ұлт өкілдері өмір сүруде. Теректі ауданынан 13 адам қамқорлыққа алынған. Аудан басшысының орынбасары Дамир Сансызбайұлы шара басында сөз алып, концерттік бағдарламаға жиналғандарды мерекемен құттықтап, Теректі ауданы әкімі Тілек Габдушевтің сәлемін жеткізді. Сонымен қатар, мекемеге микротолқынды пеш сыйға тартты.

FB_IMG_1664690302400

Одан кейін барша қарияларға аудан өнерпаздары ән салып, керемет көңіл күй сыйлады. Теректілік таланттар Дәурен Жұмағалиев, Әлия Шин, Злиха Қалмағамбетова, Айбек Дәулетқалиев, Қайрат Сағидуллин, Шайзада Елжанова, Виктория Нуралиева, Елжас Мағзом, Гүлнара Қабиева және еліміздің сүйіктісіне айналып үлгерген Сұлтан мен Бейбарыс Ғарифуллиевтердің өнеріне қошемет ерекше болды.

Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі Орал медициналық-әлеуметтік мекемесі директорының орынбасары Армат Байғазиев сөз сөйлеп, Теректі ауданы өкілдеріне алғыс білдірді.

Шара соңында теректілік қарияларға дастархан жайылды.

Әділет Әлібекұлы, 

Теректі ауданы, 

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале