Қазақстанда жеке тұлғалардың мүлкіне салық төлеу мерзімі кейінге шегерілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Жеке мүлік салығын төлеу мерзімі 1 қазандағы демалыс күніне сәйкес келуіне байланысты 2022 жылдың 3 қазанына шегерілді.
Салық кодексінің 38-бабының 2-тармағының нормасына сәйкес, егер салық міндеттемесін орындау мерзімінің соңғы күні жұмыс істемейтін күнге келсе, онда төлемді төлеу мерзімі келесі жұмыс күнінің соңында аяқталады", - делінген хабарламада.
1 қазанға дейін төлей алмаған азаматтар салық сомасын бүгін төлей алады. Пайыздарды есептеу 2022 жылдың 4 қазанында басталады.
Салықтардың есептелген сомасын kgd.gov.kz сайтындағы "Алдағы төлемдер" сервисінде, E-salyq Azamat мобильді қосымшасында, сондай-ақ, банктердің мобильді қосымшаларында тексеруге болады.