3.10.2022, 16:30
Оқылды: 94

Көрермен көңілін жадыратқан

Жуықта Казталов аудандық С.Садықов атындағы мәдени-демалыс орталығында халықтық «Гүлдерайым» және «Ардагерлер әуені» хор ұжымдарының 1 қазан — Халықаралық қариялар күніне арналған «Қарттарым асыл қазынам» атты концерті өтті.

309697196_495641629238734_5397318667081510629_n

Концерттік бағдарлама әжелер ансамблінің орындауындағы халық әні «Гүлдерайым» әнімен ашылды. Облыстық, республикалық, халықаралық байқауларда топ жарып аудан мақтанышына айналған «Ардагерлер әуені» хор ұжымы мен әжелер ансамблі халық көңілінен шығар ән-күйлерін көрермен назарына ұсынды.

Халық әні «Хәләулім», акопеллалық орындаудағы «Дүние керуен» әндерімен жалғасқан концерт тыңдарман жанын жадыратты. Қазақстан полициясына - 30 жыл, Қазақстан ішкі істер министрлігінің ардагерлер ұйымына 45 жыл медалінің иегері, полиция ардагері Қадырбек Балғынов Құрманғазының «Аман бол шешем, аман бол» күйін нақышына келтіре орындаса, республикалық ардагерлер арасындағы өнер байқауының мәнерлеп оқу жанры бойынша І орын жүлдегері Нурия Хабибуллина «Ақ сәулем» моналогын, ақындық жанры бойынша І орын жүлдегері Гүлмай Базартаева «Ауылдасқа тілек» туындысын тебірене оқыды.

309996205_495642792571951_2380411475199665834_n

Қариялар күніне орай өткізілген концерт соңы «Казталов вальсі» әнімен аяқталды. Концертті дайындаған Халықтық «Гүлдерайым» ансамблінің, «Ардагерлер әуені» хор ұжымының жетекшісі, «Еңбек даңқы» төсбелгісінің иегері Нурия Хабибуллина және сырнайда сүйемелдеуші Өтеген Шоқпанов тыңдарманның зор қошеметіне ие болды. Көрермен көңілін жадыратқан әдемі кеш көпшілікке керемет әсер сыйлады.

309622310_495643339238563_3156916421384554598_n

Жансая Жұмажанқызы,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале