3.10.2022, 17:15
Оқылды: 78

Консультативтік-кеңесші орган мүшелерінің отырысы өтті

Бүгін Жәнібек ауданы әкімдігінде аудан әкімінің орынбасары Асхат Молдағалиевтің төрағалығымен консультативтік-кеңесші орган мүшелерінің үшінші тоқсандағы отырысы өтті.

IMG_0150

Жиында қылмыстық жазасын өтеген және пробация есебінде тұрған жандарды жұмыспен қамту және әлеуметтік көмек ұйымдастыру мәселесі қаралды.

Тау ауылдық округінің әкімі Кенжебек Еркеғұлов аталмыш ауылда пробация есебінде тұрған адамдарға тұрғылықты жері бойынша әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетіліп жатқандығы туралы баяндады. Оның айтуынша, ауылда 3 адам пробация есебінде тұр. Олардың біреуі жүз сағаттық мәжбүрлі еңбекке тартылған. Қалған екеуі тұрақты жұмыс атқаруына байланысты мәжбүрлі еңбектен босатылған.

IMG_0149

Сонымен қатар Жәнібек ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығының директоры Миранбек Ибатов есепте тұрған жандарды сұранысқа ие кәсіптер бойынша оқып үйрету мақсатында оқуға жіберу түріндегі әлеуметтік-құқықтық көмек турасында айтып берді. Өз кезегінде қылмыстық жазасын өтеп келген адамдарды жұмысқа орналастыру, оларға әлеуметтік көмектерді ұйымдастыру барысында ауылдық округтерде атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде айтып өткен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ғибрат Айтқалиев алдағы уақытта бөлінетін квоталарды дұрыс ұйымдастыру керектігін айтып өтті.

Аудандық пробация қызметінің аға инспекторы, әділет капитаны Нұрлыбек Қуанышқалиев баяндамашыларға сұрақтарын қойып, ұсынысын тастады.

Бақытжан Серіков,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале