Мысал ретінде министр көлікті жалпы сенімхат бойынша сату мәселесін айтты.
«Бұрын біз көлікті жалпы сенімхат бойынша сататынбыз. Біздің +7 аймағында болғанымыз жөнінде қандай да бір жалпы сенімхат бар. Сондықтан, Халықаралық телекоммуникация одағының бізге жеке қазақстандық кодты беруіне бастамашы болдым. Жақында тағы да Халықаралық телекоммуникация одағына бардым, алдағы уақытта жаңалық жарияланады. Менің қандай да бір ақпаратты жариялауға құқығым жоқ, өйткені біз бұл жұмысты жүргізіп жатырмыз. Бұл жұмыстар аяқталған бойда Қазақстанды жақсы жаңалықтар күтіп тұр деп ойлаймын. Жыл соңына дейін шешім жарияланады», - деді Бағдат Мусин.
Еске сала кетсек, өткен жылғы қыркүйекте министр Қазақстанда +997-ден басталатын жаңа телефон коды берілгенін хабарлаған еді.