4.10.2022, 21:18
Оқылды: 54

Мерекелік марапат жауған күн

Теректі ауданында Ұстаздар күніне арналған «Ұстаз – ұлы есім» атты мерекелік шара өтті. Бұл күн ұстаз болу өмірінің мәні мен сәніне айналған, бар болмысын педагог мамандығымен ұштастырған жандардың кәсіби мерекесі. Алғаш боп  сөз алған аудан әкімі Тілек Габдушев ұлағатты ұстаздарды мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Сондай-ақ білім саласының дамуына үлес қосып жүрген мұғалімдерді марапаттады.

IMG-20221004-WA0090

Тінін тарқатсақ, Батыс Қазақстан облысының  әкімі Ғали Есқалиевтың атынан балалар шығармашылық үйі бұқаралық бөлімнің меңгерушісі Ү.Орынғалиев  пен Шаған мектебінің  тарих пәні мұғалімі  М.Бисекенов алғысхатпен марапатталды.

БҚО білім басқармасының Құрмет грамотасы Е.Құлниязова (Новопавловка ЖОББМ), Н.Шагиева ( Федоровка 1 ЖОББМ), М.Бекмұрзина (Аңқаты ЖОББМ), А.Тохлиева (Ы.Алтынсарин ЖОББМ), А.Құмашева  (Федоровка ЖОББМ), Ю.Шыныбекова (Шаған ЖОББМ), Ұ.Ахметова (Еңбек НМ), Е.Әмірханов (Қоғалтүбек НМ), В.Жиреноваға (Ақжайық ЖОББМ) ұсынылды.

IMG-20221004-WA0086

Сонымен қатар аудан әкімі Т.Габдушев, кәсіподақ төрайымы Ұ.Сарсенова және аудандық білім беру бөлімінің басшысы М.Энгеловтың атынан да дәл осындай алғысхаттар табыс етілді.

Тарихта ақыл-парасаты мол тұлғалардың көпшілігі ұстазына ерекше құрметпен қарап, әрдайым ізет көрсеткен. Сондай жандардың бірі «Қазақ ССР Халық ағарту ісінің озық қызметкері», «Еңбек ардагері» медальдарының иегері ұстаз Қаниден Шалқаров  жиналғандарға алғысын білдіріп, тілегін жолдады. Ардагер ұстаз Қаниден Шалқарұлына аудан басшысы құрмет көрсетіп, шапан жапты.

Кеш одан әрі мәдени қызметкерлер мен оқушылар дайындаған мерекелік концертпен жалғасты.

Балнұр Қуанышқызы,
Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале