5.10.2022, 14:31
Оқылды: 53

2023 жылдан бастап Ұлттық қордан алынатын трансферт көлемі шектеледі

Ұлттық банк Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында Ұлттық қордың қаражатын пайдалану саясаты қалай өзгеретінін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

220819192345241e
 «2023 жылдан бастап контрциклдік бюджеттік ереже күшіне енеді. Оның ішінде Ұлттық қор қаражатын республикалық бюджет тапшылығын жабу үшін пайдалану саясаты мен инвестициялық табысты ұлғайту саясаты арасындағы теңгерімді сақтауға бағытталған шешімдер бар. Мәселен, бюджетке кепілдендірілген трансферттер түрінде Ұлттық қордан алынатын қаражат көлемі мұнайдың бағасы орныққан кезінде Ұлттық қорға түсетін кірістердің болжамды көлемінен аспауы керек» - деп жазды Ғалымжан Пірматов депутаттық сауалға берген жауабында.

Сондай-ақ Ұлттық банк басшысы қордың жинақ портфеліндегі активтерді теңгерімді әрі тиімді басқаруға көшу процесі аяқталуғажақын екенін атап өткен. Бұл Ұлттыққордың ұзақ мерзімді кірістілігін арттырып, оңтайлы жүйе құру үшін қажет көрінеді.

«Ұлттық банк бұл тиімді тәсілді активтерді басқаруға маманданған жетекші әлемдік компаниялармен бірлесіп әзірледі және активтердің неғұрлым табысты сыныптарының үлестерін ұлғайтатын болады. Мұның бәрі Қордың болашақ ұрпақ үшін қаражат жинақтау жөніндегі жинақ функциясын нығайтуға ықпал етеді», - дейді Ғалымжан Пірматов.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале