Бүгін Жаңақала ауданы орталығынан «Өрле, ауылым!» автокеруені С.Меңдешев ауылдық округіне жол тартты.
Медициналық автокеруенде жалпы тәжірибелі дәрігер Берік Қуанов және скрининг мейіргері Еркебұлан Семғалиев ауыл тұрғындарының қан қысымдарын өлшеп, қант диабетіне қан талдауларын алып тегін медициналық көмек көрсетті.
Ауыл өнерпаздары Эльгиза Ернетқызы және Фарида Ақбасова ән салып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Н.Елтайқызы,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz