«Еуропалық Одақпен қол қойылған меморандум негізінде біз алдағы жылдары Еуропаға газ экспортын кем дегенде екі есеге ұлғайтуды жоспарлап отырмыз, яғни өткен жылы ол 9 млрд текше метр болса, 2027 жылы кем дегенде 18 млрд текше метрді құрайды немесе одан да көп болуы мүмкін», - деп келтіреді ақпарат агенттігі Әлиевтің сөзін.
Ол республиканың жаңа газ кен орындарын игеруге кірісіп жатқанын, жұмыс істеп тұрған кен орындарында өндіріс көлемі артатынын айтты.
«Сонымен қатар, Әзербайжанда жаңартылатын энергия көздерін пайдалану табиғи газдың үлкен қорын жасайды», - деді И.Әлиев.