7.10.2022, 19:41
Оқылды: 30

БҚАТУ-да ұлттық құндылықтарға бағытталған жоба басталды

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде бүгін «Жеті қазына» жобасының «Асыл мұра» бағыты бойынша қол күресінен сайыс өтті.

DSC01036

Жарыстың ашылу салтанатында сөз алған университеттің тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры Ақылбек Сұлтанов:

– Ұлттық салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымызды, қазақ халқының мәдени, әдеби және рухани құндылықтарын дәріптеуге бағытталған бұл жоба ел көлемінде бастау алып отыр және бірнеше бағытта өтеді. Жобаға жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері қатысады. Сонымен бірге қатысушыларға сәттілік, ал мықтыларға жеңіс тілеймін, – деді.

Ардагер ұстаз, педагогика  ғылымдарының кандидаты, доцент Николай Коломоец спорттың бұл түрі елімізде, облысымызда кеңінен дамығанын атап өтті.

– Жақсы жетістіктерге жетіп жүрген спортшыларымыз да бар. Университетіміздің білім алушысы, Әлем чемпионы Ержан Ерболат бүгінгі таңда кезекті әлемдік байрақты бәсекеге дайындалуда. Сонымен қатар облыс құрамасының сапында өнер көрсетеді. Оларға жеңіс тілейміз, – деді спорт ардагері.

IMG-20221007-WA0085

Жарысқа қатысушы ұлдар жеті салмақ дәрежесі бойынша бақтарын сынаса, қыздар бес салмақ дәрежесі бойынша сайысқа түсті.

Бірнеше бағыт бойынша жалғасатын «Жеті қазына» жобасы алдағы жылдың наурыз айында қорытындыланады.

БҚАТУ медиа орталығы

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале