11.10.2022, 9:31
Оқылды: 47

Президент телерадиокешенінің «Қаңтар қасіреті» фильмі ТМД фестивалінде дипломға ие болды

Беларус астанасы Минск қаласында ТМД елдерінің «Евразия.DOC VII» атты деректі кинофестивалінің жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

221010143755a3988704d

«Президент телерадиокешенінің» деректі кино орталығы шығарған «Қаңтар қасіреті» фильмі https://youtu.be/KY1EtprlFZU ТМД елдерінің «Евразия.DOC VII» атты деректі кинофестивалінің шорт-парағына ілініп, «Тақырыптың өзектілігі» аталымы бойынша дипломға ие болды.

Аталған фильмді әзірлеген ұжымның құрамында сценарий авторы Бауыржан Сабырбеков, режисер Серік Ибраим, операторлар Дәурен Зарипов пен Саят Жайтықов, дыбыс режисері Талғат Құсман мен продюсер Әсел Тұрсынғазина бар.

Аталған дәстүрлі фестиваль алғаш рет 2016 жылы өткен болатын. Бұл жолғы фестивальдің басты тақырыбы «түрті-түсті» революциялардың тарихына арналып, Украина, АҚШ, Германия, Латвия, Молдава, Беларус, Ресей мемлекеттерінен келген деректі фильм мамандары сарапшылар мен саясаттанушылар талқысына түсті.

Жетінші жыл қатарынан өткен фестивальге бұл жолы рекордық мөлшерде өтінім келіп түскен көрінеді - 12 елден 125 өтінім. Оның ішінде постсоветтік елдерден бөлек шалғай елдер де бар. Ал фестивальдің қысқартылған бағдарламасына соның ішіндегі 32 туынды енген.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале