Кеңес Одағының батыры, жерлесіміз М.Мәметованың және Халық Қаһарманы Хиуаз Доспанованың туғандарына 100 жыл толуына орай Бөкей ордасы аудандық мәдениет үйінде облыстық ақындар айтысы өткізілуде.
Шара алдында ақтаңгер айтыскерлер Мәншүк Мәметованың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.
Берісі көршілес Жәнібек, Жаңақаладан, әрісі Астанадан келген 12 айтыскер сөз додасына түсті.
Аудан әкімінің орынбасары Мейрамбек Аққалиев айтыскерлерге "қош келдіңіз!" айтып, сәттілік тіледі.
Сөз додасына әйгілі айтыскер Бауыржан Халиолла бастап, талантымен танылған жерлес ақындарымыз Ғайсағали Сейтақ пен Жансая Мусина қазылық жасауда.
Ұлпан Әнуарқызы,
Бөкей ордасы ауданы
zhaikpress.kz