10.10.2022, 23:30
Оқылды: 75

«Құйрық ботқа» дәстүрін жаңғыртты

Халқымызда бала іңгәлап дүние есігін ашқаннан бастап түрлі дәстүрлер жасалады. «Азан шақырып ат қою», «бесікке салу», «қырқынан шығару» сынды ғұрыптарды «Құйрық ботқа» дәстүрі жалғайды. Бала еңбектеп құйрығы жерге тиген шағында жасалатұғын бұл дәстүр Казталов ауданында қайта жаңғырды.

20221010145432_IMG_7238

Есімі күллі Алашқа мәшһүр, ҚР xалық ағарту ісінің озық қызметкері, «Ерен еңбегі үшін», «І дәрежелі еңбек даңқы» медальдарының иегері, әнші, термеші Баян Қабиеваның шаңырағындағы шөбересі Әзиздің өміріндегі алтыншы айына қадам басып, алғаш отырғанын аудан жұртшылығы болып ырымдап, атап өтті.

20221010145554_IMG_7244

Аудан орталығындағы С.Садықов атындағы аудандық мәдени-демалыс орталығында Жандос Жексенбаевтың жетекшілігіндегі Баян Қабиеваның жанұялық ансамблі, Баян Қабиеваның жетекшілігіндегі халықтық «Шапағат» әжелер ансамблі және Асылхан Бултановтың жетекшілігіндегі Үлгілі «Қыз Жібек» ансамбльдерінің бірлескен «Ата-дәстүр салтымен» атты шығармашылық кеші өтті.

20221010143810_IMG_7232Театрландырылған қойылым арқылы ұлттық дәстүрімізді ұлықтаған есепті кеште қара өлең оқылып, Абайдың «Желсіз түнде жарық ай», І.Жақановтың «Оралдың ерке самалы», поляк әні «Су тасушы қыз», Кеңес Дүйсекеевтің «Ойлан, балам», Қ.Молжановтың «Сүйгенің қайда», О.Қиынбаевтың «Вальсі», түрік ағайынның бесік жыры, Сыпыра жыраудың термесі, Майраның әні «Майра», халық әні «Сары бидай» және Баян Қабиеваның «Ажарлы ауылым» атты әндері шырқалып, халыққа сазды, мазмұнды, әсерлі көңіл күй сыйлады. Қойылымдағы ауылдағы ағайынның жарқын жүзі, қазақтың салт-дәстүрі, отағасы мен отанасының, жеңге мен қайын інінің қағытпа қалжыңдары, замандастың әзілі жарасымды көрініс тауып, келер ұрпаққа ағайынның арасындағы қарым-қатынасты астарлап берді.

20221010145620_IMG_7245

Шығармашылық кеш соңында аудан әкімінің орынбасары Ғаділбек Әлібеков аталған ұжымдарды есепті кешінің сәтті өтуімен құттықтай отырып, ұлттық салт-дәстүрлерімізді қайта жаңғыртуға қосқан үлестері үшін алғысын білдірді. Сонымен қатар Баян Құбайқызына аудан әкімінің алғысхаты мен ауданымыздың жеті кереметі бейнеленген естелік сыйлық табыстады. Сондай-ақ мәдениет қызметкері Нұрия Хабибуллина аталған ұжымдарды құттықтай отырып, ризашылығын білдірді.

Асылбек Нәсіпқали, 

Казталов ауданы , 

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале